23.06.2016, 17:08
Оқылды: 15

Мемқызметкерлер «Ашық есік» күнінде

????????????????????????????????????

Мемлекеттік қызметшілер күніне орай аудан орталығында «ашық есік» күні өткізіліп, аудан жастары мемлекеттік қызметтің қыр-сыры, жұмыс барысымен танысты.


Алдымен аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, спорт және дене шынықтыру бөліміне бас сұққан оларға бөлім басшысы Бибігүл Ахметжанова жұмыс барысы жайында да әңгімелеп берді.

Кейін аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде болған жастар үлкен ұжым атқаратын шаруалармен, қызығы мен қиыныдығы мол жұмыс жайымен қанықты.

«Ашық есік» күнін аудан әкімі аппаратының кадр бөлімінде аяқтаған жастар аталмыш бөлімнің басшысы Сәуле Ізмұхановамен тілдесті. Сәуле Кәрімқызы жастарды мемлекеттік қызметке білек сыбана жұмыстануға  шақырды.

www.zhaikpress.kz
Д.ДЕРБІСАЛЫ
Зеленов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале