17.07.2015, 18:13
Оқылды: 23

«Менің өлкеммен тынысым бір»

ZH       Бейсенбіде облыстық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталық қызметкерлері  мүмкіншілігі шектеулі жандарды қаладағы бірқатар мәдени орындарға апарды. Өздігінен жүріп-тұра алмайтын жандарды облыстық және қалалық мүгедектер қоғамына қарасты көліктер тасымалдады.  

Аталмыш шараны ұйымдастырушылар мүмкіншілігі шектеулі жандарды, ең алдымен таяуда ғана ашылған Қадыр Мырза Әлі атындағы шығармашылық орталығына алып келді. Орталықтың бірінші қабатында Әдебиет мұражайы, Қадыр Мырза Әлінің мемориалдық мұражайы мен ақын атындағы қоғамдық қор, 150 орындық концерт залы, кітапхана, Қазақстан Жазушылар, Композиторлар және Суретшілер Одағының облыстық филиалдары, үйірме  бөлмелері, көрме залы орналасқан. Бұдан басқа сыртта тірі ақынды көз алдыңызға әкелетін әсем ескерткіш пен 1125 орындық амфитеатр және бар.    Орталықты асықпай аралаған қонақтар Қадыр Мырза Әлінің мемориалдық мұражайында болып, әйгілі ақынның бай кітапханасымен танысты, оның ұстап-тұтынған заттарын көріп, тамашалады.

www.zhaikpress.kz

Айша ӨТЕБӘЛІ

«Орал өңірі»

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале