25.03.2016, 15:07
Оқылды: 54

Мен болашақ әріптестеріммен бір бағыттамын.

Madeniet   Мәдениет-адамзат баласының рухани азығы, ұлылық пен ұлағаттылыққа жетелейтін дүниесінің қазынасы. Ол әрбір адамның ақыл-ойы, маңдай тері, қажырлы еңбегі мұның барлығы қоғамда зор сипат алатын құбылыс. Мәдениеттің тарихын білмей тұрып, мәдениетті адам болу мүмкін емес. Рухани жағынан алғанда қазақ бойында үлкен қарым-қабілеті бар халықтардың қатарына жатады. Ондай елдің мәдениеті- байлығымен де, мазмұндылығымен де ерекше көзге түсіп, өзгелерден оқ бойы озық тұрады. Сол себепті менде алдағы өмірімді мәдениетке арнап өз үлесімді қоссам деймін.


Қазіргі таңда «Мәдени-тынығу жұмысы» мамандығының 4курс студентімін. Кәсіптік, дипломалды сарамандық машықтан өту үшін облыстық халық шығармашылығы орталығына жолдама алдым. Өнерге қанат қаққан жастардың шабытын шыңдап, үлкен сахналарға сапар шегуіне, сонымен қатар жаңа есімдердің танылуына өз септігін қосып келе жатырған бұл орталық  облысымыздағы мәдени ошақтардың бірі де бірегейі. Машық кезінде «Өткенді білмей, болашақты болжау қиын»-дегендей талай талантқа қанат бітіріп, ақ жол сілтеген өнер ордасының ішкі жұмыстарымен таныстым.

Бұл ұжым Қамбетов Медхат Мұсаұлының басшылығымен жұмыс жасайды. Өлкеміздің мәдениетін дамытуда облыстық халық шығармашылығы орталығы 60 жылдан астам уақытта ел мәртебесін өсіріп, киелі шаңыраққа айналып, өркендеп келеді. Көркемөнерпаздармен бірігіп, ұйымдасып жасалған көптеген шаралар, семинарлар мен Халықаралық, Республикалық, облыстық деңгейдегі барлық шараларды ұйымдастыратын орталық 3 бөлімге бөлінген және арнайы кітапхана бар. Мен тәжірибеден «Ақпарат, басылым және жарнама» бөлімінен машықтанудамын. Бөлімнің басты мақсаты жүйелі түрде топтастырылған шағын кітапшалар, жинақтар, афишалар, шақыру билеттері т.б. жұмыстар атқарады. Менің болашақ әріптестерімнен ұйымшыл, жұмысқа жауаптылық, ісіне адал қызметкерлерді көре жүріп, өзіме мол тәжірибе жинақтайтынымасенемін. Мұхтар Әуезовтің «Еңбексіз өмір кешуге жол жоқ. Күшіңе сенбе, адал ісіңе сен» ұлағатты  сөзімен қорытындылап, сол үшін де білімді де, білікті маман болып, елдің үмітін ақтай берейік!

  www.zhaikpress.kz

                                                                    Сүлейменова Әсел

                                              М.Өтемісов атындағы БҚМУ  студенті

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале