29.10.2015, 17:10
Оқылды: 19

«Мен және менің полицейім»

 

полицей27-29 қазан аралығында облыс аумағында мүдделі мемлекеттік органдардың, мемлекеттік емес ұйымдардың, қоғамдық және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін тарта отырып, «Мен және менің полицейім» атты акция өткізілуде.

Акция барысында Жәнібек ауданының ішкі істер бөлімінің жол және техникалық инспекциясының қызметкерлері №1 ЖББОМ-нң 6-сынып оқушыларына жолда жүрудің ережесін және қоғамдық орында, яғни көшеде өз-өзін ұстау тәртібімен таныстырды.

полицей (1)Кейін оқушылармен АІІб-нің кадр жұмысы жөніндегі аға инспекторы, полиция капитаны Бауыржан Орахаев ішкі істер бөлімінің ғимаратының ішінде саяхат өткізіп, полиция қызметінің жұмысымен таныстырып, полиция қызметкері, қоғамдық қызметін атқару кезінде лаңкестердің жолына тосқауыл қою барысында ерлікпен қаза тапқан, сол өшпес ерлігі үшін Халық қаҺарманы атағын алған, полиция капитаны Ғазез Байтасовтың өмір жолы мен ерлік ісі жөнінде мол мағлұматтар берді.

Сонымен қатар кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алуда туындаған мәселелер бойынша құқықтық кеңес берілді.

Соңында балалардың тарапынан қойылған сұрақтарға полиция қызметкерлері тұшымды  жауап қайтарды.

www.zhaikpress.kz

Меңдігүл ФАЗЫЛОВА

Жәнібек ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале