29.09.2015, 20:07
Оқылды: 44

«Мен сені жүрегіммен жақсы көрем Жаңақала»

Janakala konsert     Жаңақала ауданында осындай атаумен аудан күніне арналған мерекелік концерт өтті. Мерекелік шараға аудан басшысы Л.Хайретдинов қатысып, барша аудан тұрғындарын алғаш рет тойланып отырған аудан күнімен шын жүректен құттықтады.

Мерекелік концертте облыстық, республикалық байқаулардың жеңімпаздары Ербол Ақбасов, Алмагүл Сатыбаевалар келіп, туған жерді әсем әнге бөлесе, жас әншілер И.Тілекешов, А.Мәженов, И.Ихсан, А.Сеитовалар қазіргі шоу бизнестегі танымал әндерді шырқады. Әсем ән мен тәтті күйге бөленген кеште ұтыс ойындары ойнатылды. Онда ас үй құрал жабдықтары,сан түрлі  тұрмыстық заттармен қатар 50 000 теңге бас жүлде тігілді.

Ұтыс ойындарының бас жүлдесі – 50000 теңгені ауыл тұрғыны Мәншүк Сұлтангереева ұтып алды. Аудан күніне арналған шаралар легі түнгі аспанды әрлеген мерекелік отшашумен аяқталды.

www.zhaikpress.kz

Надежда ЕСҚАЛИҚЫЗЫ

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале