14.12.2015, 15:13
Оқылды: 88

«Мен ішпеген у бар ма» атты реквиемінің премьерасы қойылды

 Teatr  11-12 желтоқсан күндері облыстық қазақ драма театрында белгілі драматург, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Иран-Ғайыптың шығармасы негізінде жазылған «Мен ішпеген у бар ма» атты реквиемінің премьерасы қойылды.

Спектакль 1 бөлімнен тұрды. Қойылымның режиссері - Мұқанғали Томанов, қоюшы суретшісі - Мұрат Мәмбетов.

Ел-жұртының мұңын «мыңмен жалғыз алыса» жүріп жоқтаған Абай Құнанбайұлының өмірінен алынған үзік сәттердің өзі ұлы ойшыл өмір сүрген заманнан, ескі мен жаңаның тартысынан, ақынның жан дүниесіндегі аласапыраннан біраз хабар береді. Бұл реквиемде артына«өлмейтін сөз», орасан зор рухани мұра қалдырған «қазақтың Абайы» тартқан жан азабы көрініс тапқан.

         Абай төбе би ретінде Оразбай өзіне тиесілі деп санап жүрген бір қызды Олжабай деген кедейге алып береді. Осыған наразы Оразбай мен Күнту Құнанбайға шағымданады. Алайда Абай шешімін бұзбайды. Ақырында Олжабай тірілей жерге көміліп, Абай атамыз сабалады. Қойылымның негізгі мазмұны осындай.

Қойылымның премьерасына шығарманың авторы - ақын, драматург Иран-Ғайып арнайы сапармен келіп қатысты.

 www.zhaikpress.kz

Өз тілшіміз

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале