16.07.2015, 14:52
Оқылды: 21

Мергендік пішеншілердің қимылы қарымды

Akjayik mergen pishen  Ақжайық ауданында «жасыл орақта» Мерген ауылдық округінің пішеншілері алда келеді. Бүгінде шалғындарда 103 пішенші, 46 трактор, 76 шөп машинасы жүр. Таяу арада науқанға тағы 15 трактор қосылады. Кешегі күнге дейін ауылдық округ бойынша 7180 тонна пішен дайындалды. Бұл меженің – 51 пайызы.

- Алдағы қысқа ауылдық округ бойынша 13 800 тонна шөп қажет болса, мұның артығымен орындалатыны сөзсіз деп отырмыз,- дейді Мергеннің әкімі Нұртаза Набиденов. – Жайылма суарма танаптардан түсім өндіруде. Қазір оралған әр гектардан орташа әр түсім – 7 центнер. Әрине, жаздың бұл науқаны қашан қарбалассыз өткен. Күн жылжыған сайын қырлықтан түсім азая беретіні мәлім. Демек, әр айыр шөп қымбат. Тек тұрғындардың өзінде өткен қыстан қалған 2200 тонна пішен бар, соның бәрін мұқият сақтап, оттан да қаперлеуіміз керек.

Орталықтан 10 шақырым жердегі көршілес «Талғат» және «Ғиният» шаруа қожалықтарының жетекшілері Талғат Ғұбашев пен Асқар Қалиев биылғы науқанда күш біріктірген. Яғни, шабындықтағы шабытты еңбекке олардың 4 тракторы, басқа да «темір-терсегі» жұмылдырылған, бір-бірін медеп, ортақ мүддемен қимылдауда. Бірлесіп, бүгінге дейін әр гектары 16 центнерлен берген суармалы алқаптың 4 мың тоннаға таяу буылған шөбінен саттыққа шығарғандары да аз емес.

www.zhaikpress.kz

Болат ҚОСЖАНҰЛЫ

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале