22.12.2015, 21:27
Оқылды: 77

Мерейлі жасымен құттықтады

 Kaztalovka mereili jasimen kyttiktadi 02  Қазталов ауданының әкімі Нұрлан Бекқайыр Жалпақтал ауылында болып, еңбек ардагері, ұзақ жыл бойы ауданымыздың дамуына өзіндік үлес қосқан Жақия Мусинді 80 жасқа толуына орай қабылдады. Аудан басшысы ардагерді мерейтойымен құттықтап, құрмет көрсетті.

 Елбасы Н.Ә. Назарбаев «Ұрпақтар жалғастығын үзбей келе жатқан, ұлтымыздың ұлы қасиеттерін бойында сақтаған қарияларымызға деген құрмет пен қамқорлық ешқашан толастамауы қажет» - деп, сол арқылы жастарды тұғырлы тұлғалардың үлгісінде өсіруді ұлағаттап келеді.


- Арда туған азаматтарымызды үлгі тұтып, олардың өзі барында бағалап, жасаған игі істерін ғибрат ету - азаматтық парызымыз. Сіздің еңбек жолыңыз адал да, қажырлы істерге толы. Сізді аудан жұртшылығы атынан 80 жасқа толу мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтаймын, - деді аудан әкімі Нұрлан Мағазұлы. Мұнан кейін сексеннің сеңгіріне келген Жақия Жұмағазұлының иығына шапан жапты.

Қабылдауда сөз алған аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Уәлиолла Әбішев, оның орынбасары Кенжебай Үмбетов естеліктер бөлісіп, жүрекжарды тілектерін жеткізді.

Мерейлі жасымен құттықтап, қабылдаған аудан әкімдігіне ардагер өз ризашылығын білдіріп, еліміздің тыныштығы мен Елбасымыздың амандығын тіледі.

www.zhaikpress.kz

Тұрарбек ҚАЙЫРҒАЛИҰЛЫ

 Жалпақтал ауылы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале