22.06.2015, 10:16
Оқылды: 34

Мерейлі жасына орай қабылдады

Akim kabildau   Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев Қазақста­н Жазушылар одағының мүшесі, белгілі оралдық ақын Айтқали Нәріковты 75 жасқа толуына орай қабылдады.
Айтқали Нұрашұлы Тасқала ауданының тумасы. 1968 жылы Орал педагогикалық институтын бітіргеннен кейін облыстық "Орал өңірі" газетінде, "Қазақстан-Орал" телеарнасында ұзақ жылдар еңбек етті. "Көк майса", "Самал", "Сағыныш", балаларға арналған "Еркін есейіп келеді" жинақтарының авторы. Республикалық жастар поэзиясыфестивалінің дипломанты (1992 жыл), Тасқала ауданының құрметті азаматы.
"Қадірлі Айтқали Нұрашұлы, поэзия әлемі - тылсымы мол, тұңғиық әлем. Өзіңіз сол өлең өлкесінде жыр маржанын теріп, сөз қадірін жас буынға түсіндіріп, ұғындырып келе жатырсыз. "Қайда барсам өзіме шақ орным бар" деген қаламыңыздан туған жыр жолдарында түсіне білген адамға үлкен философиялық мән бар екені даусыз. Ел ағасы деп айтқанын тыңдата білетін, дұрыс бағыт­бағдар сілтейтін сіздердей азаматтарды@ айтады. Қаламыңыз қарымды болсын, жазарыңыз таусылмасын. Мерейлі жасыңыз құтты болсын, аға!" - деді Нұрлан Асқарұлы.

Ақын өз кезегінде қабылдап, құрмет, ілтипат көрсеткені үшін өңір басшысына ризашылығын білдірді. "Құрметті Нұрлан Асқарұлы, уақытыңызды бөліп, құрметтеп, ілтипатпен қабылдағаныңызға үлкен алғысымды айтамын. Қазір зейнетте жүрсем де облыста болып жатқан жақсы, оңды жаңалықтардан үнемі құлағдар болып отырамын. Біздің облыс таяуда ғана аяқталған ұлттық бірыңғай тестілеу қорытындысында Алматы мен Астанадан кейін үшінші орын алған екен. Сол тест тапсырған түлектердің ішінде менің де немерем бар. Ол Қытайдың Нанкин университетінде оқиын деп жатыр. Алдағы аптада Қадыр ақынның мерейтойына байланысты үлкен шаралар өтеді, ақынның Оралда орталығы ашылады. Барлық шаралар сәтті өтсін"­- деді Айтқали Нәріков.
Журналистерге берген қысқаша сұхбатында ақын облыс әкімімен кездесуден алған әсерін ортаға салды. "Қалам ұстаған қауым негізі әкімдердің қабылдауында жиі-жиі бола бермейді. Белгілі бір уақыттар салып кіреді. Бүгінгі қабылдауда, әдебиет, жастардың тәрбиесі секілді өзекті мәселелер сөз болды. Әдебиет деген біреу. Аудандық, облыстық, республикалық әдебиет деген болмайды. Ақын-жазушылар қайда жүрсе де қазақ әдебиетіне қызмет етеді. Адам қаншаға келсе де алға ұмтылуы заңдылық. Амандық болса, тағы да жаңа жырлар туады"-деді ақын.

www.zhaikpress.kz

Тоқтар ҒАБДІРЕШҰЛЫ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале