5.06.2015, 17:19
Оқылды: 27

«Мерейлі отбасы» байқауы мәреге жетті

Mereili otbasi  Облыстық қазақ драма театрында «Мерейлі отбасы» облыстық ұлттық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Салтанатты шараға облыс әкімі Нұрлан Ноғаев, облыстық  мәслихаттың хатшысы Мәлік Құлшар және қалың қауым қатысты.

Бұл байқау өңіріміздің әр ауданында ұйымдастырылып, оған 103 отбасы қатысқан болатын. Облыстық деңгейдегі байқауға әр ауданнан төрт отбасы іріктеліп алынды. Арнайы құрылған комиссия үздіктер қатарынан әр ауданнан екі отбасын, барлығы 26 жанұяны түрлі аталымдарға лайық деп тапты.

Байқау қорытындысында үш отбасы жеңімпаз және жүлдегер деп танылды. Бірінші орынды Сырым ауданынан Кенжебаевтар отбасы, екінші орынды Орал қаласынан Мұрат Сабырдың жанұясы жеңіп алып, олар 11 қыркүйек күні Астана қаласында өтетін байқаудың республикалық деңгейіне жолдама алды. Ал үшінші орынды Тасқала ауданынан қатысқан Жұмашевтар отбасы иеленді. Байқауда аталымға ие болған өзге отбасыларына дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды.

Облыстық деңгейдің жеңімпазы атанған, алдағы уақытта өңіріміздің намысын республикалық деңгейде қорғайтын Кенжебаевтар отбасына диплом мен жолдаманы облыс әкімі Нұрлан Асқарұлы табыс етті.

www.zhaikpress.kz

Нұрбек  ЗӘКӘРИЯҰЛЫ

«Орал  өңірі»

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале