9.09.2015, 11:22
Оқылды: 17

Мерейі үстем отбасын шығарып салды

Sirim mereyi ystem otbasin shigarip saldi   Республикалық «Мерейлі отбасы» байқауында ауданымыздың ғана емес, облысымыздың намысын қорғайтын Қосарал ауылының тұрғындары Кенжебаевтар отбасын ақ жол тілеп шығарып салу рәсімі өтті. Бұл шараға аудан әкімі А.Шыныбеков, аудандық мәслихат хатшысы Ә.Ғалымов, аудан әкімінің орынбасары А.Сарқұлов, үкіметтік емес ұйымдар, аудандық ішкі саясат, білім беру бөлімі, қосымша білім беру орталықтарының, басқа да мекеме басшылары қатынасты.

А.Шыныбеков қарапайым ауылдан шығып, Ақжайықтың намысын қорғауға  аттанғалы отырған мерейлі отбасына сәттілік тіледі. Аудан басшының тілегін үкіметтік емес ұйымдардан аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы О.Сарғозыұлы, «Нұр шуағы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Г.Ерғалиева, мүгедектер қоғамының төрайымы Б.Сәңкібаева, аудандық мәслихат хатшысы Ә.Ғалымов, Е.Исанов жалғады. Жасқайрат Кенжебаев: «Өмір бізді он жасқа ерте есейтті. Аға-жеңгеміз екеуі бірдей қаза болып, екі бүлдіршіні жетім қалғанда, есеймеске шарамыз қалмады. Ағамнан қалған қос тұяқты қанатымыздың астына алып, өзіміздің екі баламызбен тең тәрбиелеуге барымызды салдық. Отбасымыздың өнерін бағалаған халықтың, басшылықтың оң қабақ танытуының арқасында осындай жетістікке жете алдық»,- десе, отанасы Баян балаларын байлығы санайтынын айтты. Аудан басшысы мерейі үстем шаңырақ иелеріне Қ.Мырза Әлидің кітаптары мен тұмар табыс етті. Жиылғандар ақ жол тілеп қол жайып, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы О.Сарғозыұлы бата берді.

www.zhaikpress.kz

Шынар МОЛДАНИЯЗОВА

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале