4.06.2015, 17:37
Оқылды: 22

Мерей өсірер ұлық мереке

Karatobe ramiz toyi4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне орай Қаратөбе аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен орталық саябақта «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін орындау» акциясы оздырылды.

Айтулы шарада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік  Гимні орындалып, аудан тұрғындарына рәміздер жөнінде толыққанды ақпарат берілді.

Мерекеде құттықтау сөз сөйлеген аудан әкімі Асхат Шахаров:

- 1992 жылы 4 маусымда Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев тәуелсіз Қазақстанның жаңа мемлекеттік рәміздерін бекітті.

Мемлекеттік Ту, Елтаңба, Мемлекеттік Гимн – ел тарихына, мемлекеттік тілге, мәдениет пен дәстүрге деген шексіз құрметтің нышаны. Бүгінде Қазақстан алға нық басып келеді, халықаралық аренада беделі нығаюда. Әлемдік қауымдастық жақсы танитын біздің Әнұран, көк төрінде жарқыраған алтын күн астында қалықтаған қыран бейнеленген Туымыз – отандастарымыздың мақтанышына айналды. Қазақстандықтардың ұлттық идеясы мен ежелден аңсаған арманы біреу – ол «Мәңгілік ел».

Жасампаздық пен табысты еңбекті жұмыла жасап, Қазақстанның жарқын болашығын жақындатайық. Қазақстандық патриотизм – елдігіміздің сенімді кепілі. Тәуелсіздігіміздің тұмарына айналған мемлекеттік рәміздеріміз болашаққа бет түзеген ұлы көшімізді демеп, игі істерімізді қолдай бергей! Әрдайым еліміз тыныш, халқымыз аман, туымыздың мәртебесі биік болсын! – деді.

Айшықты мерекеде жас әнші Азамат Әсемовтың орындауында «Көк тудың желбірегені» әні орындалып, жас оқырмандар өлеңдер оқып, мереке шырайын келтірді.

Шара шеңберінде аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының ұйымдастыруымен ауданның белсенді жастарынан құралған топ автошеру ұйымдастырды. Олар Мемлекеттік Туларды ұстап, аудан орталығы көшелерімен салтанат құрып өтті.

www.zhaikpress.kz

Ертай БИМҰХАНОВ

Қаратөбе ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале