30.11.2015, 21:17
Оқылды: 16

Мерекеге арналды

tennis   1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті күніне орай Қаратөбе аудандық дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде өткен мекемеаралық теннис жарысы мәреге жетті.

Спорттық шараға аудан орталығындағы мекемелерден 6 команда қатысып, өзара бақ сынасты.

«Қаратөбе» спорт клубының ұйымдастыруымен өткен жарыста Қаратөбе мектеп-гимназиясы командасы жеңімпаз атанды.

Жүлделі ІІ, ІІІ орындарды аудандық ішкі істер бөлімі командасы мен Мұхит атындағы ЖОББМ командасы өзара бөлісті.

Жеңімпаз-жүлдегерлерге диплом мен сыйлықтарды «Қаратөбе» спорт клубының директоры Жасұлан Ниязов табыстады.

www.zhaikpress.kz

Ертай БИМҰХАНОВ

Қаратөбе ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале