4.08.2015, 10:19
Оқылды: 32

Мерекеге дайындық пысықталды

Kaztalov jalpaktal merekege dayindik pisiktaldi    Қазталов ауданы әкімінің орынбасары Зәйлім Мәжитова Жалпақтал ауылында болып, мекеме-кәсіпорын басшыларымен кездесті.

Кездесу барысында аудан әкімінің орынбасары ең алдыменен республикалық деңгейде тамыз айының 24-26 күндері Бөкей орда ауданында өтетін Қазақ хандығының 550 жылдық мерекесін тойлауда барлық аудандардың қатысатындығын, кең көлемде тойланатындығын айтты. Сонымен қатар аудандық деңгейде өтетін Қазақ хандығының құрылуының 550 жылдығын мерекелеуге дайындық барысы талқыланды.

Тазалық жұмыстарына көңіл бөліп, әр сенбі сайын сенбіліктер ұйымдастыру керектігін де айтып өтті. Кездесуде мекеме басшылары, мекеме қызметкерлері бірінші күні қонақтарды қарсылау, салтанатты шаралар, концерттік бағдарламалар оздырылатындығын, екінші күні дала қызықтары, театрландырылған көріністер, аламан бәйге, ұлттық спорттық ойындар ұйымдастырылатындығын айтып, өз ойларын ортаға салды.

-Қазақ хандығының құрылғанына 550 жылдық мерекесін кең көлемде тойлауымыз қажет. Бірде-бір ұжым таса да қалмауы тиіс. Үлкен той думан жасауымыз қажет,-деп қорытындылаған Зәйлім Мәжитова мекеме-кәсіпорын басшыларына бірқатар тапсырмалар жүктеді.

www.zhaikpress.kz

Тұрарбек АҚМУРЗИН

Жалпақтал ауылы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале