10.09.2016, 23:06
Оқылды: 52

Мерекелік концертте «Ялла» ансамблі өнер көрсетті

yallaОрал тұрғындары жаңа алаңда қойылған Қала күніне арналған мерекелік концертті тамашалады.


Концерттік бағдарламаға батысқазақстандық әртістермен қатар осы тойға арнайы келген атақты «Ялла» ансамблі қатысып, өз өнерін көрсетті.

Ансамбльдің көркемдік жетекшісі, Өзбекстан және Қазақстанның халық әртісі Фарух Закиров оралдықтар мен қала қонақтарын мейраммен құттықтап, ізгі тілегін білдірді.

Нұрғиса Тілендиевтің «Құстар қайтып барады» әнімен концертін бастаған ансамбль концерт барысында кең таралған туындыларын да орындап, көпшілік көңілінен шықты.

Ескендір Хасанғалиевтің «Атамекен» әнімен тәмамдалған концерт соңындағы мерекелік отшашу түнгі қала аспанын жарқырата түсті.

www.zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале