13.05.2015, 18:23
Оқылды: 19

Мерекелік көңіл-күй сыйлаған «Фортуна»

20150502_214450   Долин селолық округінде Мәдениет үйінде мереке қарсаңында Құсаинов Ғалым Марленұлының жетекшілігімен «Фортуна» вокалды-аспаптық ансамблі ескі, жаңа әндерді жанды дауыспен және лидер, соло, бас гитара, барабан, клавиштік аспаптармен жастарға насихаттау мақсатында өнерлерін паш етті. Бағдарламаны Федоров, Ақсуат, Орал қаласының тұрғындары да келіп тамашалады. Райымқұлов Нұрлан Ғалымұлының жүргізуімен өткен концертте 80-90 жылдардағы әндер шырқалды. Бағдарламаның соңында округ әкімі Бақытжан Қасымұлы алғысын білдіріп, жұмыстарына сәттілік тіледі. «Фортуна» вокалды-аспаптық ансамблі 1986 жылы құрылып, 10 жылдай жұмыс жасап,  бертін келе топты қайта жандандырып, 2013 жылы Ақжайық ауданында өткен облыстық байқауда бірінші орын, 2014 жылы Теректі ауданында облыстық байқауда гран-при жүлдегері атанған. Биыл осы облыстық байқау Зеленов ауданында өтпекші.

www.zhaikpress.kz

Теректі ауданы

Майра Нұрымжанқызы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале