28.05.2015, 18:33
Оқылды: 25

Мерекелік медальмен марапатталды

Kolginov medalБір топ батысқазақстандық қызметкер «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл»  мерекелік медалімен  марапатталды. Елбасының Жарлығымен бекітілген марапатты мақтаулы мемқызметкерлерге өңірімізге іссапармен келген Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Ералы Тоғжанов табыстады.

Марапаттау рәсіміне орай ұйымдастырылған жиында облыс әкімі Нұрлан Ноғаев биылғы жылдың мерейтойларға толы екенін айтып, қазіргі таңда өңірімізде осы бағыттағы іс-шаралардың үздіксіз өткізіліп жатқанын айтты.

-Баршаңызға белгілі, биылғы жыл Елбасының Жарлығымен «Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы» деп аталды.  Бұдан аз ғана уақыт бұрын Ұлы Жеңістің  70 жылдығын тойладық. Алдағы уақытта Қазақ хандығының 550 жылдығы және ҚР Конституциясының 20 жылдығын лайықты атап өту міндеті тұр. Ассамблея қызметі Қазақстан халқы үшін аса маңызды, өйткені, ол елімізде бірлік пен саяси тұрақтылықты қамтамасыз етіп отыр.  Мемлекет басшысы биылғы Ассамблея жылы аясында  еліміздің қарқынды дамуы үшін бар күш -жігерін аямай жұмсап, қызмет етіп жүрген бір топ қызметкерді «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл»  мерекелік медалімен марапаттауды ұйғарыпты. Бүгін өңірімізге іссапармен келген Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Ералы Тоғжанов Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес мерекелік медальдарды бір топ қызметкерге арнайы табыс етпек, - деген өңір басшысының сөзінен кейін  Ералы Лұқпанұлы Тоғжанов ортаға шығып, аталмыш марапаттарды  бір топ мемқызметкерге тапсырды. Мерекелік марапатқа ие болғандар арасында облыс әкімінің орынбасарлары мен қала және аудан әкімдері, сондай-ақ, құқық қорғау органдары мен басқа да сала мамандары бар.

-Мемлекет басшысы елдегі қоғамдық келісімнің  нығаюы үшін атқарған қызметтеріңізді жоғары бағалап, сіздерді осы мерекелік медальдармен марапаттап отыр. Бүгін біз марапттарыңызды өздеріңізге табыстап, Елбасы тапсырмасын орындадық,-деген  Ералы Тоқжанов бір топ марапат иелерін қуаныштарымен құттықтады.

Бұдан соң марапатталушылар атынан облыстық мәслихат хатшысы Мәлік Құлшар сөйлеп, Елбасы марапатына ризашылығын білдірді. Мәлік Иманқұлұлы одан әрі «Нұрлы жол» бағдарламасын жүзеге асыру үшін мемқызметкерлердің аянбай жұмыстана беретінін жеткізді.

Жиынды қорытындылаған өңір басшысы ел бірлігі мен  дамуы үшін атқарып жатқан батысқазақстандықтардың еңбегін елеп, арнайы марапаттаған мемлекет басшысына алғыс айтып, қызметкерлердің жарасымды марапаты жалғасын тапсын деген тілек айтты.

www.zhaikpress.kz

Айша ӨТЕБӘЛІ

«Орал өңірі»

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале