22.09.2015, 13:08
Оқылды: 22

Мерекелік шара пысықталды

Kaztalov merekelik shara pisiktaldi    Қазталов ауданы әкімінің орынбасары Зәйлім Мәжитованың төрағалық етуімен Қазақ хандығының 550 жылдығына орай Жалпақтал ауылында өтетін  мерекелік шараның жәй - күйі талқыланды.

Ұйымдастыру комиссиясы 25 – 26 қыркүйек күндері өтетін мерекелік шараға әзірлік барысы жоғары деңгейде жүргізіліп жатқанын хабарлады.

Сонымен қатар бағдарламаларға сәйкес әрбір шараға жауапты адамдардың есептері тыңдалды.

Сондай – ақ бұл мерекелік шарада 25 қыркүйек күні белгілі өнер жұлдызы Гүлмира Сарина және ақын Қалқаман Сариннің өнер кеші де өткізіледі.

Зәйлім Мәжитова ұйымдастыру комиссиясының жұмыстарын тыңдай келіп, кейбір мәселелер жөнінде тиісті тапсырмалар тапсырды.

www.zhaikpress.kz

Серік Жұмағалиев

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале