6.05.2016, 19:19
Оқылды: 19

Мерекелік шеру өтті

Yli erlikke tagzim Liazzat     П. Атоян атындағы орталық стадионда Ұлы Жеңістің 71 жылдығы және ҚР Қарулы күштерінің 24 жылдығына орай мектеп оқушыларының әскери-патриоттық мерекелік шеруі өтті.

         Дәстүрлі шеру Орал қаласының қорғаныс басқармасы мен қалалық білім беру бөлімінің әскери-патриоттық айлығы аясында ұйымдастырылды. Оқушыларға әскери-патриоттық тәрбие беріп, еліміздің болашақ сарбаздарын әскерге баруға дайындау – мерекелік шараның басты мақсаты.    Шеруге қаламыздың барлық 47 мектебінің  9-11-сынып оқушыларынан құралған 24 оқушы мен әскери жетекшісі қамтылды.


     Мерекелік жиында қала әкімінің орынбасары Марс Сатыбалдиев қала қонақтары мен тұрғындарын Ұлы Жеңістің 71 жылдығы және Отан қорғаушылар күнімен құттықтады.

    - Бүгінгі шеруде соғыс ардагерлерінің ізін жалғап, тәлімді тәрбие алып өсіп келе жатқан жас буынның ерліктеріне куә болудамыз. Әскери білім алып, Отанды қорғау  Қазақстан Республикасындағы әр азаматтың азаматтық парызы деп білеміз.  Орал қаласының әкімшілігі мектептермен тығыз байланыс орнатып, әрдайым жан-жақты қолдау көрсетіп келеді. Елбасымыз айтқандай, болашақ – жастардың қолында. Еліміз өркендеп, бейбіт күнде алатын жеңістеріміз бен жетістіктеріміз көп болсын, - деген қала әкімінің орынбасары шеруге қатысушыларға сәттілік тіледі.

     Мерекелік шеруде әр мектептің оқудағы қол жеткізген жетістіктері аталып, патриоттық клубтардың жас сардарлары әскери-спорттық жаттығулардан өз өнерлерін көрсетті.

www.zhaikpress.kz

Ләззат ШАҒАТАЙ

Суретке түсірген Темірболат ТОҚМАМБЕТОВ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале