2.07.2015, 19:49
Оқылды: 20

Мерекені бастап кетті

Taskala velosheru  Тасқала аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталық пен «Намыс» жастар қоғамдық бірлестіктің ұйымдастыруымен жастар арасында велошеру өткізілді.

Шілденің бірінші жұлдызында салауатты өмір салтын насихаттау, елдік мерекеге әр жасөспірімнің өзіндік үлесін қосу мақсатында шара ұйымдастырылды. Оған  аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы А.Дүйсенова, спорт ардагерлері Ө.Мулдабеков, Қ.Баймағамбетов қатысты. Қатысушылар барысында денсаулық акциясы ұйымдастырылып, медицина қызметкерлері қан қысымын өлшеп, кеңестерін берді.

www.zhaikpress.kz

                                                                                     Манас Ажғалиев

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале