2.06.2016, 11:40
Оқылды: 20

Мереке бүлдіршіндерге арналды

 Shingirlau bygingi mereke byldirshinderge  1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Шыңғырлау ауданының орталық саябағында ауқымды мерекелік шара ұйымдастырылды. Шараға аудан орталығындағы 5 балабақша ұжымы, аудандық білім бөлімінің мамандары, аудан тұрғындары қатысты.


   Мереке аудандық Білім бөлімінің басшысы А.Сапаровтың құттықтау сөзімен бастау алып, балабақша ұжымдарына мерекелік сыйлық ретінде қап-қап ойыншықтар тапсырылды. Мерекелік концерттік бағдарлама балабақша бүлдіршіндерінің өнер көрсетуімен жалғасып, балғындардың әндері мен билері, үш тілде оқылған тақпақтары, түрлі сахналық қойылымдары көрермендер көңілін толқытты.

    Сәнді ұйымдастырылған сахналық қойылымдар, сәтті ұсынылған ән, би, тақпақтар бүгінгі балабақшалар тәрбиесінің деңгейінің уақыт талабына сәйкестігін және бір дәлелдеді. Мереке саябақтағы түрлі ойын алаңындағы балаларын ойнатқан тұрғындардың жаппай мерекелік серуеніне ұласты.

www.zhaikpress.kz

Қаршыға Елемесов

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале