23.06.2015, 18:24
Оқылды: 28

Мереке күнгі марапат

ZH      Халық тәртіп сақшыларын қашанда мақтан тұтады, олардың қызметтеріне құрметпен қарайды. Мемлекеттің жарлығымен 23 маусым ресми түрде Қазақстан Республикасының полиция күні болып бекітілді. Осыған орай құқық бұзушылықтың алдын алу мен жолын кесуде және оны болдырмау жолындағы міндеттерді жүзеге асыруға қажыр қайраттылық танытып келе жатырған аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлерін аудан әкімінің орынбасары Асланбек Сарқұлов мереке атауымен құттықтап, бүгінде биіктен көрініп, кәсіби қызметтерін мінсіз атқарып жүрген ішкі істер бөлімінің бір топ қызметкерлерін Алғыс хатпен әспеттеді. Олардың қатарында тергеу тобының аға тергеушісі, полиция майоры Мұрат Қаналиев, ӘПБ-нің көші-қон тобының полиция аға инспекторы, полиция майоры Роза Жұмағамбетова, криминалдық полиция бөлімшесінің жедел аға уәкілі, полиция капитаны Сағдат Батыров, ӘПБ-нің инспекторы, полиция капитаны Жанболат Аязбаев, ӘПБ-нің учаскелік полиция инспекторының көмекшісі, полиция аға лейтенанты Қадырбек Габдуллин, уақытша ұстау изольяторының полицейі, полиция аға сержанты Нұрқат Құсайнов бар. Мереке күнгі осынау марапат  полиция қызметкерлерінің тапжылмай еткен еңбектерінің нәтижесі деп білеміз.

www.zhaikpress.kz

М.Ерниязова

Жымпиты ауылы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале