3.03.2016, 10:20
Оқылды: 17

Мереке қарсаңындағы жылы жүздесу

????????????????????????????????????

 8 наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында 2 наурыз күні Жалпақтал ауылдық округі әкімінің мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары Зәйлім Мәжитова ауданымыздағы мүмкіндігі шектеулі аналармен, қыз-келіншектермен кездесті. Кездесуге мекеме басшылары, әлеуметтік саланың мамандары, кәсіпкерлер қатысты.


Жиналғандарды аудан әкімінің орынбасары Зәйлім Исатайқызы құттықтап, қоғамдағы әйел қауымның алар орын ерекше екеніне тоқталды. Аудан көлемінде атқарылып жатқан үлкенді-кіші жұмыстардың барлығында да аналарымыз бен қыздарымыздың қолтаңбалары бар екенін тілге тиек етті. Бүгінгі таңда мүмкіндігі шектеулі жандардың қоғам өміріне белсене араласып, қазіргі таңда кәсіптерін ашып, өз істерін дөңгелетіп отырғандарын да айтып өтті.

Осы кездесуде аналарымыз бен қыз-келіншектеріміз өз ойларын ашық айтып, ұсыныс пікірлерін нақты жеткізе білді. Кейбір аналарымыз аудан орталығында спортпен шұғылдануға жағдай жасалса десе, ал кейбіреулері несие алуға қолдау білдірілсе дейді. Шара барысында аналарымыз жақсы тілектер айтып, Жалпақтал мәдениет үйініңі өнерпаздары әннен шашу шашты. Аналар да өз кезектерінде шара ұйымдастырушыларына ризашылықтарын білдірді. Ал мүмкіндігі шектеулі жандарға әрдайым жанашыр болып жүретін кәсіпкер Гүлбану Шукаева алғыс хатпен марапатталды. Отырыс соңында аудандық ерікті мүгедектер қоғамы бірлестігі атынан аналарға мерекелік сыйлықтар табысталды.

www.zhaikpress.kz

Тұрарбек АҚМУРЗИН

Жалпақтал ауылы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале