6.05.2016, 12:26
Оқылды: 31

Мереке қарсаңындағы кездесу

????????????????????????????????????

   5 мамырда  Мұхит Мерәлі  атындағы Қаратөбе аудандық тарихи-өлкетану музейінде  «Жеңіс туы желбірейді мәңгілік» атты кездесу кеші оздырылды.


  Жеңіс мерекесі қарсаңындағы айтулы шарада  аудан әкімі Асхат Шахаров, Ұлы Отан соғысының ардагері Құрманғали Ысқақов, Ауған соғысына  қатысушы қаратөбелік Ерболат Иманғалиев , аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің басшысы, майор Ербол Мұқанов сөйлеп  шараға қатысушыларды Ұлы Жеңістің 71 жылдығы және Отан қорғаушылар күні мерекесімен құттықтады.

     Шараға қатысушылар  музей көрмесімен танысты. Көрмеге   ерлік істері ел есіндегі  жерлес жауынгерлер Кенжебай Мәденов, Еңсеп Досқалиев, Кенжеғали Жәңгіров, Баянғожа Қабашев   және тағы басқа жерлес жауынгерлердің ерліктері мен  олардың қолданған заттары туралы деректер мен жәдігерлер қойылған. Аудан әкімі Асхат Шахаров  Ұлы Отан соғысының ардагері Құрманғали Ысқақовқа, Ауған соғысының ардагерлері Батырбек Жұмағалиев пен Ерболат Иманғалиевке естелік сыйлықтар табыстады.

www.zhaikpress.kz

Ерболат РАЙСОВ

Қаратөбе ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале