13.06.2016, 11:04
Оқылды: 29

Мерзімді басылым неліктен мерзімінен кеш келеді?

????????????????????????????????????

   Газет – қоғам айнасы, халықтың көзі һәм құлағы. Айшылық алыс жерлерден жылдам хабар алғызатын да, жұртшылықты қоғамдық жаңалықтармен таныстыратын да, рухани азық беретін де – баспасөз. Десек те, кейбір газеттеріміз «ыссылай» күйінде жетпей, біршама күн «сарғайып», жаңалықтар «суып»  қалып жатады. Өкінішке орай, «жылдам хабарды да», соңғы жаңалықтарды да «тасбақаның» жүрісімен тасып жүргендіктен, кеш біліп жатамыз. Әсіресе, редакция қызметкерлері үшін газет ең басты құрал.


   Құр сөзден гөрі дәйектемелермен көрсетсек, 6 мамыр мен 2 маусым аралығындағы «Жас Алаш», 26 мамырдағы «Орал өңірі», 31 мамырдағы «Егемен Қазақстан», «Приуралье» газеттерін 10 маусым күні алып отырмыз. Тіпті газеттің кейбір нөмірлері де жоқ. Мәселен, «Орал өңірі» газетінің №62,63,64,65,66 нөмірлері мүлдем қолымызға тимеді. Жалғыз біз емес, мүмкін басқа мекемелер де солай алып отырған шығар. Мерзімді басылымның кешігу себебі неде? «Қазпошта» АҚ Жәнібек аудандық пошта байланыс торабының пошта тасушы қызметкерлерінің жеткіліксіздігінен бе, әлде аталмыш мекеме басшысының жұмысына салғырт қарағандығы ма? Себебін түсінбедік. Бұның алдында да біздің газеттеріміз өте кеш келіп жүрді, кейбір кездері келмей де қалды. Басында түсіністікпен қарап, үлгермейтін шығар деп, жылы жауып қоя салдық. «Ауруынан жазылмағасын» дертін айтпақ болып шештік. Бұдан кейін біздің жанайқайымыздан пошта қызметкерлері қорытынды шығарар ма? «Сын түзелмей, мін түзелмейді» демекші, қоғамдағы осындай мәселелерді жасырмай, ашық айтып, «ауруын жасырған өледінің» күйін кешпейік деген ниетте жазып отырмыз. Түсіністікпен қарап, оң нәтиже шығарар деп үміттенеміз, лайым солай болғай!

www.zhaikpress.kz

Ахмедияр БАТЫРХАНОВ

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале