27.09.2016, 11:30
Оқылды: 25

Мешітке сый-құрмет

????????????????????????????????????

   Ақжайық ауданының Ілбішін ауылындағы «Батыргерей» шаруа қожалығының иесі Аманқұл Батыргереев осы ауылдағы «Зейнел Ана» мешітіне құны 300 мың теңгеден асатын кілем сыйлады. Ол бұл құнды дүниені Оңтүстік Қазақстан облысында арнайы тапсырыспен алдырған.


    -Мұндай қайырымдылыққа әрине, ризашылығымыз зор. Жуырда сондай-ақ жамағаттың қолдауымен 90 мың теңгенің тоңазытқышын алдық. Бұл да асыл дінімізге деген құрметтің, жанашырлықтың сөзсіз нышаны ғой, дейді «Зейнел Ана» мешітінің имамы Тұрсынғали Құжапов.

Бекболат ҚАЛЕНОВ

Ақжайық ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале