2.06.2016, 12:56
Оқылды: 19

Мешіт үйіне қол ұшын созды

Karatobe meshit yin akteu   Қаратөбе аудандық мешіт үйіне тазалық, әктеу, сырлау жұмыстарын жүргізуге аудан әкімі аппараты, аудандық ішкі саясат бөлімі, аудандық мәдени-демалыс орталығы, аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы қызметкерлері белсене араласты. Бұл игілікті істі Ораза айы тұсындағы басты тарту деп қабылдауға әбден болады.


        Ауданның бас имамы Әділжан Бекқазиев:

     - Аудан халқын имандылық пен адамгершілік нұрына бөлейтін мешіт үйінің жұмыс жасағанына да біраз жыл болды. Аллаға шүкір, мешітіміз жамағатқа толы. Мешіт үйі халықты имандылыққа, бірлікке, сабырлыққа, сыйластыққа ұйытатын бір үлкен орта ретінде жұмыс жасап келеді. Мешіт үйінің талапқа сай болуы үшін қол ұшын созып жатқан жекелеген мекеме қызметкерлеріне ризашылығымды білдіремін. Алла разы болсын, сіздерге! - дейді.

   Әсіресе, мәдени-демалыс орталығының шаруашылық меңгерушісі Алмагүл Рахметова, аудан белсенді жастарының бірі Әмірхан Сисенғали т.б еңбегі зор екендігін айта кеткен жөн.

www.zhaikpress.kz

Ертай БИМҰХАНОВ

Қаратөбе ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале