4.08.2015, 18:57
Оқылды: 22

Миланнан Астанаға дейін: француз велосипедшісі ЭКСПО астаналарын аралады

ЭКСПО (1)3 тамызда «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ атсалысуымен Қазақстандағы Франция елшілігі Alstom компаниясымен бірлесе отырып, «SunTrip – FromExpotoExpo» имидждік веложарысының қатысушысы Паулинде ла Марньемен салтанатты кездесу рәсімін ұйымдастырды. Француз велосипедшісі ЭКСПО-ның үш астанасы - Милан (2015), Анталья (2016) және Астанаға (2017) саяхат жасады.

Паулин 9 мың шақырымдық жолды жүріп өтіп, Бәйтерек монументі жанындағы алаңға велосипедімен жетті. Салтанатты кездесу Францияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Франсис Этьеннің сәлемдесу сөзінен басталды.

Бұл саяхаттың мақсаты Еуропа мен Қазақстан арасындағы жақындықты көрсету.  Сонымен қатар, Паулиннің велосипеді күн энергиясы көмегімен қозғалатындықтан, веложарыс «таза» энергия идеясын ілгерілетуді көздеген болатын. Мұндай велосипедпен күніне шамамен 200 шақырым жолды 40-60 сағ./шақ. жылдамдықпен жүріп өтуге болады. Паулиннің сөзіне сүйенсек, ең бастысы велосипедші төзімді болуы керек.

«Сіз табиғатқа және энергия көздеріне ұқыпты қараудың жарқын үлгісін көрсеттіңіз. «Болашақ энергиясы» тақырыбына арналған Астанадағы ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу қарсаңында бұл мәселе аса өзекті», - деді сәлемдесу сөзінде «Астана ЭКСПО-2017» ҰК кеңесшісі Роза Асанбаева. Ұлттық компания елорданың туристік жолбағдарын жетілдіру және «RecommendedbyEXPO» белгісі қойылған (гиперссылка на новость) туристерге арналған ең үздік бағыттардың тізімін құру бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Солардың бірі «Түнгі Астана шырақтары» саяхаттық бағдары Паулинге сыйлық ретінде табысталды.

ЭКСПОҚайсар велосипедші жиналғандарға алғысын білдіріп, Қазақстанның елордасы өте сұлу екендігін атап өтті. Ол міндетті түрде ЭКСПО-2017 көрмесіне келемін деп уәде берді. «Менің саяхатымның мақсаты қалаған адам табиғатты ластандырмастан елдерді аралай алатынын көрсетуді көздеді. Сондай-ақ, техникалық инновацияларды «гаражда» отырып-ақ өз қолыңмен жасауға болатынын көрсетуге бағытталды», - деді Паулин.

«Sun Trip жобасы 2013 жылы экологиялық көлік түрлерін ілгерілетуге бағытталған экологиялық бастама ретінде іске қосылған болатын. Сондай-ақ, веложарыс барысында бірнеше ондаған адам күн энергиясымен жүретін велосипедпен әлемді шарлауда. Жол-жөнекей спортшылар әр түрлі қалаларда аяңдап, жергілікті халықпен тілдесіп, «таза» энергетиканың дәуірі басталғанын өзінің ісі арқылы үлгі ретінде насихаттап көрсетеді. Биылғы жарысқа көптеген адамдар қатысқан болатын, бір топ адам Миланнан Антальяға қарай саяхатқа шықты, алайда Антальядан Астанаға дейін жетуге тек Паулин ғана бел буған көрінеді.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале