27.05.2016, 18:58
Оқылды: 45

Министрдің алғыс хатын табыс етті

????????????????????????????????????

 Қасиетті Қаратөбе топырағында өткен Ұзақ Мырзабайұлы атындағы республикалық «Күй күмбірі» атты домбырашылар байқауы барысында сөз сөйлеген ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің бас сарапшысы Қуанышбек Мұқанғалиев аудан тұрғындарын тұғырлы мерекеміз Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мерекесімен құттықтады.

  Тарихта өзіндік өшпес күйшілік өнері, ұстаздық орны бар Ұзақ бабамыздың рухына арнап алып кесене тұрғызып, күйшілердің дүбірлі додасын ұйымдастырған аудан басшылығына алғыс білдірді.

    Игі шара Батыс Қазақстан облысындағы айтулы шаралардың бірі екендігіне тоқталып, Қаратөбе ауданының әкімі Асхат Шахаровқа ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының алғыс хатын табыс етті.

www.zhaikpress.kz

Серікбай ХАСАНОВ

Қаратөбе ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале