24.02.2016, 22:13
Оқылды: 37

Министр алдымен Қадыр Мырза Әлі атындағы мәдениет және өнер орталығында болды

Kabir ortaligi   Өңірімізге жұмыс сапарымен келген ҚР Энергетика министрі Владимир Школьник Қарашығанақ кен орнын игеруші «ҚПО б.в.» компаниясының әлеуметтік бағдарламалары шеңберінде іске қосылған Оралдағы бірқатар нысандарды  аралады. Мәртебелі мейманды облыс әкімінің орынбасары Алмаз Бадашев, Орал қаласының әкімі Алтай Көлгінов бастап жүрді.


Министр алдымен 2015 жылы «ҚПО б.в.» компаниясының есебінен салынған Қадыр Мырза Әлі атындағы мәдениет және өнер орталығында болды. Өңіріміздің ғана емес, күллі еліміздің рухани өміріне жаңалық болып енген орталықтағы өлкемізден түлеп ұшып, есімі елге танылған ақын-жазушылардың  төлтума экспонаттарымен танысты. Қадыр ақынның кітапханасын, музей жәдігерлерін көрді. Владимир Школьник кітапханашылардан 600-ге тарта оқырман, 5 мыңдай  кітап қорының бар екенін сұрап білді. Министрге осы орталықтың 1125 орындық амфитеатрында жазда мәдени іс-шаралар өткізілетіні де айтылды. Бұл ғимарат бюджеті 990 млн. теңгеге түскен.

Сыртқы келбеті мен ішкі сәні үйлесім тапқан орталықтан шыққан Энергетика министріне қала басшысы Алтай Көлгінов осы маңда Салтанат сарайының, теннис кортының салынғанын енді жаңа алаңның болатынын  жеткізді.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале