16.08.2016, 18:44
Оқылды: 33

Министр Теректі ауданына ат басын бұрды

CultureMinisterҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы облысымызға жасаған жұмыс сапары барысында Теректі ауданына ат басын бұрды.


Аудан аумағына енер тұстан министрді аудан әкімі Мұрат Рахметұлы қарсылап, қонақжайлық танытты. Сондай-ақ, А.Мұхамедиұлына қазақы дәстүр бойынша ақ ұсынып, қош келдіңіз айтты.  Мәдениет министрі ауданның тыныс-тіршілігіне қанығып, мәдениет саласында жеткен жетістіктеріне тәнті болды.

         -Бәріңізге аян, қазір күллі әлем көз тіккен Риодағы Олимпиада өтуде. Еліміздің абыройы асқақтар, даңқы артар сәт. Жуырда мен Риода болып, спортшыларымызбен тілдестім. Олардың мақсаты бір-Қазақстанымыздың атын шығару. Осы додада теректіліктерді де ел намысын арқалап барған саңлақтарымызды  қолдауға шақырамын,-деді өз сөзінде Арыстанбек Мұхамедиұлы.

          Жалынды сөздерден соң аудан өнерпаздары ерекше күш-қуат алып, өз өнерлерін ортаға салды. Көміс күмей әншіміз, термеші Дәурен Жұмағалиев шарықтата әнге салған соң, облысымызға танымал күйші Ақылбек Бектасов Құрманғазының күйлерін күмбірлетті. Ал аудандық мәдени-демалыс орталығының әншісі Гүлназ Құсайынова жетекшілік ететін «Шежіре» әжелер ансамблі халық әні «Тобылғысайды» әуелетіп, министрдің қошеметіне бөленді.  Сонымен қатар, аудандағы этно-мәдени орталықтар өздерінің құндылықтарымен таныстырып, сан ұлттың басын қосқан Теректінің жеңістері әлі алда екендігін жеткізді.

     Кездесу соңында сексен жасты еңсерген ауданымыздың ақ жаулықты әжесі Үміт Сәрсенова жиналғандарға батасын беріп, жүрекжарды туындысын арнады.

 

Әділет Орынбасаров

Теректі ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале