24.02.2016, 22:16
Оқылды: 29

Министр Елбасы тапсырмасының орындалғанын баяндайды

 Shkolnik Temirbolat01  ҚР Энергетика министрі Владимир Школьник оқушылардың және жастар сарайының құрылыс барысымен танысты. Бұл нысанның құрылысын «Альтаир» ЖШС жүргізуде.  Құрылыс жұмыстары өткен жылдың көктемінде басталған. Сарай құрылысын биылғы желтоқсан айында аяқтау жоспарланған. Құрылысшылардың айтуынша, жоба бюджеті нақтылануда. Сонымен қатар министр мырза Оралдағы Есенжанов көшесінен Деркөл кентіне дейінгі  қайта жаңғыртылған автожолды көрді. Аталмыш жоба бюджеті 1018 млн. теңгені құрайды.


  Жол құрылысын «Алматыинжстрой» АҚ жүргізді. Жөндеуден өткен жол бөлігі 5,123 шақырым шамасында, соныман қатар осы жоба шеңберінде Шаған өзені арқылы өтетін көпір де жөндеуден өтті. В. Школьник көптен бері сынға іліккен көпірдің қазіргі жайын көріп, сапасын жақсы деп бағалады. «Мұның өзі еліміздің транзиттік әлеуетін арттырады», - дей келе  кәсіпкерлердің әлеуметтік жауапкершілігі өскен сайын олардың мәртебесі артатынын айтты.

Shkolnik Temirbolat02

-Қазір жанар-жағармай бағасын реттемейміз. Сондықтан бізде отын тапшылығы жоқ. Дизель отынының бағасын 99 теңге шамасында ұстап тұрмыз. Мұны да қоюымыз керек. Елімізде өндірілетін жанар-жағармай көлемі жеткіліксіз. Бензинге деген қажеттілік 3,5 мың тоннаны құраса, бізде 2,5 мың тонна өндіріледі. Атырау, Павлодар, Шымкент мұнай өңдеу зауыттарына жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Осы жаңғырту жұмыстарынан кейін еуро-4,5 стандарттарына сәйкес келетін жоғары октанды бензин мен дизель отыны өндірілмек.  Сөйтіп, экологиялық жағынан таза бензинді тұтынатын боламыз. Зауыттарды жаңғырту 2016 жылдың аяғы және 2017 жылдың басында аяқталады. Елбасы айтқандай, 2017 жылдан бастап отандық жанар-жағармайды пайдалануға көшіп, өнімді іргелес елдерге экспортқа шығарамыз, - деді журналистерге берген сұхбатында ҚР Энергетика министрі В. Школьник. Ол өңір басшысының есепті кездесуінің мұнайшылардың қатысымен салынған теннис залында өткенін, есепті кездесуде түйінді мәселелердің шешілгенін естігенін де айтып өтті. «Өңірдегі 94 пайыз тұрғынның газ мәселесі шешілген. Бұл – еліміздегі  ең жоғары көрсеткіш. Электр қуатымен қамтуда іркіліс жоқ, кен орнындағы апатты айтпағанда.  «Батыс Пауэрдің» бірінші кезеңінде 100 мегаватт қуат өндіріліп, өңірде қуат тапшылығы емес, артықшылығы қалыптасады. Екі жылдан кейін стансаның екінші кезеңі іске қосылғанда тағы да 100 мегаватт қуат қосылады. Электр қуатына өз қорымыз болады. Өңірді 100 пайыз газдандыруды аяқтауымыз керек. Қазір бюджетке байланысты тоқталыстамыз. Соған қарамастан өткен жылы 1,5 млн. теңге бөлініп, толықтай игерілді.  Елбасы тапсырмасымен оқушылар және жастар сарайы ҚПО-ның көмегімен салынып жатырғанын көрдік. Өңірлердің ішінен бірінші болып сіздерде салынуда.  2012 жылы Астанада осындай сарай салып іске қосылды. Сонда Елбасы әр өңірде осындай оқушылар сарайы болуы тиіс деген болатын. Жобаны көрдім, спортпен, жеңіл атлетикамен, баскетбол, волейболмен айналысуға болады. Теннис, бассейн, планетарий, обсерватория болады. Мыңдаған балалар үйірмелерде осында пайдалы іспен шұғылданатын болады. Мен Мемлекет басшысына және Үкіметке Елбасының тапсырмасы Батыс Қазақстан облысында орындалғанын баяндаймын», - деді министр.

www.zhaikpress.kz

Гүлбаршын ӘЖІГЕРЕЕВА

«Орал өңірі»

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале