8.07.2015, 21:10
Оқылды: 19

Мирас бағдарламаға риза

Terekti-Miras Мирас Абуғалиев Ж.Досмұхамедов атындағы мемлекеттік педогогикалық колледжін, одан соң  М.Өтемісов атындағы БҚМУ-ды бітірген кезде өзінің өмірлік мақсатын айқындап алған еді. Ауылдың қарадомалақтарын спортқа баулып,  елге деген еңбегімді сіңірсем деген ой оны Теректі ауданының орталығы Федоров ауылына  әкелді. Ол осы ауылдағы қазақ мектебіне жұмысқа тұрып, қызметін бастап та кетеді.Дейтұрғанмен, пәтер жалдап, көшіп-қонып жүру жас маманға қиын еді. Осы тұста ол «Дипломмен-ауылға бағдарламасының пайдасы мен мүмкіндіктерін естіп, ойланбастан құжаттарын тапсырады. 2012 жылдың мамыр айында мемлекеттен 2 млн 500 мың көлемінде несие алып, 4 бөлмелі үйдің кілтін қолына ұстайды.

Сол уақыттан бері міне, 3 жыл өтті. Мирастың өмірі түбегейлі өзгерді деуге болады. Қазір ол мектепте бедел мен құрметке ие, болашағынан зор үміт күттірер маман есебінде. Футболдан оның дайындаған шәкірттері облыста ешкімге дес бермей, додалардың алдынан көрінеді.

2014 жылы Мирас Айдана есімді аруды шаңырағына әкеліп, отбасын құрды. Бұл Мирастың өміріндегі басты оқиғалардың бірі еді. Қазіргі уақытта айдай сұлу Айдана Мирасқа сәби сыйлап, шаңырақтың шаттығын одан сайын арттырды. Ұстаз деген қасиетті есімге , әке деген қадірлі атты қосақтаған жан өміріне осыншалықты өзгеріс әкелген аудан мен мемлекеттің осындай жақсылығы көп бағдарламасына дән-риза.

www.zhaikpress.kz

Әділет ОРЫНБАСАРОВ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале