8.02.2016, 11:48
Оқылды: 15

Мирболат Нұртазин: «Қызметтік баспана беру тоқтатылды десек те болады»

НуртазинБұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің БҚО бойынша филиалында өткен брифингте ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің БҚО бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Мирболат НҰРТАЗИН айтты.


-Қазір қызметтік баспана беру мәселесі қала әкімдігінің құзыретінде. Бүгінде қызметтік баспанаға қатысты түрлі мемлекеттік бағдарламалар бар. Мәселе мембағдарламалар арқылы шешілгендіктен, қазір қызметтік баспана беру тоқтатылды десек те болады.

Мемлекеттік қызметте бұрын болмаған жастар, университет түлектері мемлекеттік қызметтің төменгі лауазымына үміткер ретінде байқауға қатыса алады. Оның өзі үш сатыдан тұрады. ҚР Заңдарынан екі түрлі тесттен соң үшінші саты әңгімелесуден өтеді. Төменгі лауазым дегенге түсінік бере кетсек, мемлекеттік органда құрылымына қарай жетекші маман және бас маман деген болуы мүмкін. Егер ол құрылымда жетекші маман деген лауазым қарастырылмаған болса, онда бас маман төменгі лауазым болып саналады. Оған мемлекеттік орган ішкі конкурс өткізе алмайды, тек жалпы конкурс жарияланады. Бұл бұрын мемлекеттік қызметте болмаған үміткерлерге қолайлы. Бұрын бос лауазымға конкурс жарияланғанда бәрі – бұрын мемқызметте болып кетіп қалғандар да, басқа жақтың ауыл-аудандандағы мамандары да, университет түлегі де қатысатын. Яғни тәжірибесі жоқ жас түлектің бәріне бірдей жалпы конкурстан өтуі екіталай болатын. Қазір бұл қарастырылып отыр, яғни түлектерге жеңіл.

Облыстың ауыл-аймағын қосқандағы барлығы 387 мемлекеттік органда 4447 мемлекеттік қызмет штаты бар. Бос лауазымның санын нақты айту қиын – күн сайын өзгеріп тұрады. Өткен жылдың аяғында өңірдегі жергілікті басқару органдарында 180-ге жуық бос орын болды, - деді қызметтік баспаналарды жекешелендіру жайы мен түлектердің мемқызметке орналасуы жөніндегі тілшінің сауалына жауап берген Мирболат Сүйеуұлы.

Нұрлыбек РАХМАНОВ,

www.zhaikpress.kz

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале