2.10.2015, 19:18
Оқылды: 34

Миссисипи университетімен келісім жасады

Amerikalik ademi kiz    М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дың басшылығы мен АҚШ-тың Миссисипи университетінің проректоры, профессор Кэтти Голден жоғары оқу орындары арасында қосдипломды білім беру жөнінде мәселені талқылады. Жиынға БҚМУ студенттері, аталмыш білім ордасында оқуын жалғастырып жатқан Миссисипи университетінің студенттері Эшли Уотс пен Кевин Йонг те қатысып, екі тараптың жүргізген келіссөздеріне куә болды.

Қазірдің өзінде БҚМУ шетелдік оқу орындарымен 80 шақты келісімшарт жасасты. Ағымдағы оқу жылында АҚШ-тың мемлекеттік Миссисипи университетіне екі студент семестірлік оқуға барды. Олардың екі студенті - Эшли Уотс пен Кевин Йонг БҚМУ-да білімін толықтыруда. Олар бір семестрді БҚМУ-дың жаратылыстану факультетінде аяқтайды. Миссисипи университетінің проректоры, профессор Кэтти Голден БҚМУ-дағы өз студенттерінің хал-күйімен танысып, оқу орнындағы білім алуға жасалған жағдайды өз көзімен көрмекке және ары қарайғы әріптестік жөнін талқылауға келгенін айтты. -Екі аптада қаланы толық аралап үлгермедік. Музейлерге бару жоспарымызда бар. Ұнағаны – мұнда азық-түлік құрамында бөтен гендік ағзалар жоқ, бәрі табиғи, таза. Әсіресе ауа өте таза. Бұл жағынан Америка мақтана алмайды. Мұнда студенттердің дәрістен соң одан не ұғынғанын оқытушыға айтатыны ұнады. АҚШ-та дәрістен алған білім тек тест арқылы бағаланады. Ал мұндағы жүйеде тақырып бойынша өз ойыңды жеткізіп, түсінбеген тұстарыңды тәжірибелік жұмыстар кезінде жетілдіруге мүмкіндік бар. Бұл бізге қатты ұнады. Сондай-ақ лабораториялық жұмыстар мүлдем басқаша. Бұл біз үшін жақсы тәжірибе. Болашақ биолог болғасын мұндағы экологияны зерттемекпін. Жайық өзеніндегі микроағзаларды, олардың адамға әсері жайлы ғылыми жұмыс жасамақпын,-дейді Оралдан алған әсерімен бөліскен студент Эшли Уотс. Кеңес барысында екі тарап болашақта қосдипломды білім берілетіні жөнінде келісімге келді.

www.zhaikpress.kz

Нұрлыбек РАХМАНОВ

 «Орал өңірі»

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале