10.02.2016, 15:01
Оқылды: 18

Мичуриндегі палуандар бәсекесі

 Zelenov Grek rim  Зеленов ауданы Мичурин ауылында 2004-2005, 2006 және одан да кіші палуандар арасында ұстаз, жаттықтырушысы М.И.Сидоренконың жүлдесіне арналған грек-рим күресінен ашық турнир өтті.

Ресей Федерациясы Орынбор облысының Ташла, Новосергеевка аудандары мен Орынбор қаласынан, Ақтөбе қаласынан, өңіріміздің Бөрлі, Теректі, Казталов аудандары мен Орал қаласындағы №4 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің және Зеленов ауданының Чеботарев, Макаров ауылдарынан келген спортшылар бақ сынасқан боз кілем бәсекесі тартысқа толы болды.


 Екі күнге созылған жас палуандар сайысының қорытындысында өз салмақ дәределері бойынша Еділ Есен, Әлішер Серіков, Елдар Рысқалиев, Әлімгерей Сталь, Абдолла Артаев және Виктор Запраметов сынды палуандар үздік деп танылды. Ал жалпыкомандалык есепке келер болсақ үшінші орын Ақтөбе, екінші орын Зеленов палуандарына бұйырса, бірінші орынды ресейліктер қанжығасына басты.

Зеленов палуандарын баптап жүрген Рафхат Құрманқұловтың айтуынша шәкірттері артылған сенімді ақтап, үздіктер қатарынан көріне білген. Алда талай белесті бағындырамыз деген сенім мол көрінеді.

www.zhaikpress.kz

Түгелбай Бисенов

Зеленов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале