24.05.2016, 20:17
Оқылды: 28

«Мичурин мектебіне жарылғыш зат қойылды» деген хабарлама келіп түсті

 Jarilgish zat    Бүгін сағат 10.50 кезінде Зеленов АІІб кезекші бөлімінің «102» операторына белгісіз біреуден «Мичурин мектебіне жарылғыш зат қойылды» деген  хабарлама келіп түседі.

         Қауіпсіздік шараларын қолдана отырып, мектеп ғимараты полиция  қызметкерлерімен қоршауға алынып, оқытушылар мен оқушылар ғимараттан тысқа шығарылды. Мектеп ғимаратына іргелес көшелеріндегі автокөлік жолдары жабылды.


         Мектеп ғимаратын және оған жақын аумақтарды тексеру кезінде  БҚО ІІД арнайы бөлініс қызметкерлері арнайы техникалары және кинологиялық қызметімен  жарылғыш зат анықтаған жоқ.

   Қолданылған жедел-іздестіру іс-шарасы кезінде полиция қызметкерлері «оқиға ізін суытпай» 20 жасар Мичурин ауылының тұрғынын анықтап, қолға түсірді.            

       Аталған фактіге қатысты ҚР ҚК-нің 273-бабы (Терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған хабарлау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

   Лаңкестік актісі туралы жалған хабарлама бергені үшін (ҚР ҚК-нің 273-бабы) 6 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. 2015 жылдан бастап бұрынғы айыппұл және бас бостандығына шектеу қою жазалары жойылған болатын.

www.zhaikpress.kz

БҚО ІІД баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале