12.10.2015, 19:14
Оқылды: 22

Мичурин округіне - 60 жыл

Мичурин (1)Зеленов ауданындағы Мичурин ауылы 60 жылдығын тойлады. Алғашында «Уральский» кеңшары болып құрылған Мичурин бұл күндері ауданның ірі және перспективалы округтерінің біріне айналған.

Мерекеге орай әкім аппараты ауыл орталығында үлкен жәрмеңке және мерекелік кеш ұйымдастырды.

Мичуриндіктердің қуанышын бөлісе келген БҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Ғайса Қапақов, аудандық мәслихат хатшысы Рамазан Исмағұлов, аудан әкімінің орынбасары Рафильбек Аманжол айтулы күнмен құттықтады.

МичуринАуылдық клубта өткен салтанатты шараның ашылуында ауыл әкімі Бекқали Бержанов: «Кішкене кеңшар ретінде құрылған ауылымыздың бұл күндері аумағы артып, үлкен округке айналды. Бұл күндері округімізге қарасты елді мекендерге көгілдір отын жетті. Болашақта ауыз сумен де қамтылатын болады. Дәрігерлік амбулатория салынып, мектебіміз күрделі жөндеуден өтті. Бұның барлығы - ел дамуының көрсеткіші»,- дей келе, барша мичуриндіктерді мерекелермен құттықтады.

Келесі кезекте сөз алған Ғайса Қапақов бірлігі бекем ауыл тұрғындарының 2011 жылғы су тасқынында тілсіз жауды құрықтауға бір адамдай кіріскендіктерін атап өтті.

Ұлы мереке Қазақ хандығының 550 жылдығы мерекесімен тұспа-тұс келген ауылдың тойы көркемөнерпаздар концертіне ұласты.

www.zhaikpress.kz

Түгелбай Бисенов

Зеленов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале