13.01.2016, 20:57
Оқылды: 27

Мичурин округі маңында «Дубрава» демалыс кешені ашылды

 Zelenov Dubrova   Шағын және орта бизнесті дамыту ел экономикасын көтерудің бір жолы екендігін Елбасымыз әрдайым айтып жүр.

Кәсіпкерлік саласын қолдау мақсатында «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы қолға алынды. Зеленов ауданында да аталмыш бағдарлама ойдағыдай жүзеге асуда. Мемлекеттік бағдарлама іске асып жатырған 6 жыл ішінде ауданда 57 инвестициялық жобаны қаржыландыру мақсатында 10,6 миллиард теңге қаржы бөлініп, 700 жаңа жұмыс орындары ашылған.


Осы бағдарлама аясында Зеленов ауданы Мичурин округі маңында тағы бір жоба қолға алынған. Халық игілігі үшін жасалған «Дубрава» демалыс кешенінің құрылысына бағдарлама арқылы  50 миллион теңге бөлініпті.

Жуырда осы кешеннің ашылуы болды. Оған аудан әкімінің орынбсары Рафилбек Аманжол, аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Бағдат Тоқжанов, аудандық кәсіпкерлер палатасы филиалының директоры Әсел Қартқожақова және «Сбербанк» акционерлік қоғамының Батыс Қазақстан облыстық филиалының директоры Александр Бурахта қатысты.

Салтанатты жиында сөз алған Рафилбек Аманжолұлы: «Кәсіп иелерін қолдау еш уақытта тоқтамайды. Елбасымыздың өзі де кәсіпкерлікпен айналысатын жандарды қолдауға шақырады. Осындай тамаша кешеннің ашылуы да Президентіміздің салиқалы саясатының арқасында мүмкін болып отыр»,-деп ұжымға сәттілік тілесе, Бағдат Берікұлы да демалыс орны халық игілігіне жұмыс жасайды деген сенімін білдірді.

- Кешен құрылысын 2012 жылы бастадық. Көптеген қиындықтар кездесті. Мемлекеттің көмегі арқасында өзімізде бар қаржыны тағы да 50 миллионға толтырып, кешенді ашып, арманымызға қол жеткізгендейміз. Қазір екі қабатты ресторан, жазғы кафе, балаларға арналған сырғанақ және жазда жұмысын атқаратын жағажайымызбен шағын сахна да дайын тұр. Болашақта кәсібімізді кеңейтеміз деген ойдамын,-дейді кешен иесі Алина Акишева.

Сондай-ақ, қазіргі таңда жұмысын бастап кеткен демалыс орны 30 адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отырғандығын айта кеткен жөн.

www.zhaikpress.kz

Түгелбай БИСЕН

Зеленов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале