27.11.2015, 20:58
Оқылды: 28

Музей – ел шежіресі

Janbek muzei el shejiresi   Облыстық тарихи-өлкетану музейінің Жәнібек аудандық филиалы ашылып, оның меңгерушісі болып Мереке Қайдаров тағайындалды.

Алдымен, облыстық тарихи-өлкетану музейінің экскурсия жетекшісі Гаухар Есенғалиева жиынға қатысушыларды музей жәдігерлерімен толықтай таныстырып өтті.


 

Облыстық тарихи-өлкетану музейінің басшысы Мирболат Ерсаев өз сөзінде: «Бүгінгі ресми түрде ашылғалы отырған музейдің орны ерекше болары сөзсіз. Бұған дейін қоғамдық негізде жұмыс істеп келген музей арнайы мәртебеге ие болды. Енді бұл музейдің ұжымы, өлкетанушыларымыз бен тарихшыларымыз ел тарихын жинақтауда, ұрпақ жадына елжандылықты сіңіруде толассыз еңбек етеді деген үміттемін,»-дей келе, Мереке Жұмабайұлының алдына қойылған міндеттерді абыройлы атқаратынына сенім білдірді. Аудан әкімінің орынбасары Біржан Қуанәлиев, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Асхат Молдағалиев және аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Амангелді Уәлиев те Мереке Қайдаровтың жаңа қызметіне толағай табыстар тілеп, музейдің кейінгі жас ұрпақтың өткен тарих тағылымын жан-жақты танып білуіне үлкен мүмкіндік екендігін атап өтті.

www.zhaikpress.kz

Д.ОСПАН

Жәнібек ауданы   

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале