28.06.2016, 19:09
Оқылды: 18

Мүгедектер жағдайын назарға алып

mugedekterБүгін облыс əкімдігінің кіші мəжіліс залында облыс əкімі жанындағы мүгедектер істері жөніндегі кеңестің отырысы өтті. Кеңеске облыс əкімінің орынбасары Марат Тоқжанов төрағалық етті.


Облыстағы мүгедектердің қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша əлеуметтік транспорттық инфрақұрылым обьектілерін паспорттау мен бейімдеу тақырыбында облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру жəне əлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Д.Ысқақова баяндама жасады. Сондай-ақ Ділдаш Салауатқызы үкіметтік емес ұйымдар арқылы арнаулы əлеуметтік қызмет көрсетудің баламалы желісін дамыту бойынша атқарылған шараларға да тоқталып өтті.

Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың дене шынықтыру жəне спортпен айналысуларына спорт инфрақұрылымдарының қолжетімділігін қамтамасыз ету жəне мүгедектерге арналған спорттық клубтар ұйымдастыру туралы облыстық дене шынықтыру жəне спорт басқармасы басшысының міндетін атқарушы Д.Есенғалиеваның ақпараты тыңдалды.

Жиын соңында Марат Лұқпанұлы бірқатар мекеме басшылары мен аудан, қала əкімінің орынбасарларына кейбір мəселелер бойынша тапсырма беріп, олардың уақытылы орындалуын қадағалауды тапсырды.

www.zhaikpress.kz

Ләззат Шағатай

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале