5.02.2015, 23:12
Оқылды: 17

Мүгедек балалардың ЫРЫЗДЫҒЫНА ҚОЛ САЛҒАНДАР СОТТАЛДЫ


Облыстық прокуратура 2014 жылғы жұмыс қорытындысы бойынша тілшілерге арнап баспасөз брифингін өткізді.


Жиында сөз алған облыс прокурорының орынбасарлары, аға әділет кеңесшілері Әспенби Жарылғасов пен Халидулла Дәуешов былтыр атқарылған жұмыстардың нәтижелері жөнінде баяндама жасады.

- Қылмыспен күресті ұйымдастыру барысында есепке алу-тіркеу тәртібінің сақталуына назар аударылды. 94 жасырын қылмыс, соның ішінде 14-і ауыр санатты, ауырлығы төмен құрамы бойынша негізсіз қылмыс санатының 62 фактісі ашылды. Ауыр қылмысты есепке алуды жасырғаны үшін Зеленов ауданы АІІБ басшысының бұрынғы бірінші орынбасары Маштаков және учаскелік инспектор Кожевников сотталды. Тәртіптік жазаға қылмыстық қудалау органдарының 163 лауазымдық тұл-ғасы тартылды. Қадағалау жұмысында прокуратураның құқық қорғау қызметін қамтамасыз ету, ең алдымен, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғауға басты назар аударылды. Прокурорлық тексерістердің нәтижелері бойынша қылмыстарды жасауда күдікті деп танылған ішкі істер органдарының қызметтік орындарында заңсыз қамауда болған 34 азаматтың жеке бостандығының құқығы қорғалды, қылмыстық қудалау органдарының 25 лауазымдық тұлғасы тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Қызметтік өкілеттіктерін орындау кезінде азаматты ұрып-соққаны үшін Шыңғырлау АІІБ қызметкерлері Сұлтанғалиев пен Парада сотқа берілді. Әлеуметтік-экономикалық салада 45 мыңнан астам азаматтың құқықтары қорғалды, - деді Әспенби Жолдасұлы.

Жедел топтардың жұмыс жасауының нәтижесінде бизнес-қауымдастықтардың 37 өтініші қаралып, мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде олардың құқықтарын шектеуде көрініс тапқан мемлекеттік органдардың заңсыз әрекеттерінен 160-тан астам кәсіпкер қорғалған. 9 449 азаматтың еңбек құқығы қалпына келтіріліп, жалпы сомасы 498 млн. теңгеден астам жалақы бойынша берешек жойылған. Бүгінде “Стройинвестплюс” ЖШС-ның 47 қызметкеріне 4,8 млн. теңгедей жалақы төлемеу фактілері бойынша қылмыстық іс қозғалған және тергелуде.

Қадағалау шараларының қорытындысы бойынша 31 мыңнан астам кәмелет жасқа толмағандардың құқықтары қорғалған. Психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемесі мен психоневрологиялық мектеп-интернатының мүгедек балаларына тиесілі 21 млн. теңгеден астам қаражатты ұрлау фактісі бойынша «Қазпошта» АҚ облыстық филиалының бөлімше бастығы және 8 кассир-операторы ұзақ мерзімге сотталды.

Атқарушылық өндірістің заңдылығына қадағалау жүргізу барысында прокурорлық ықпал ету актілері бойынша 28 млн. теңге сомада жалақы өндіру туралы 13 сот актісі орындалған. Алиментті өндіру бойынша сот актілерін орындауға ерекше көңіл бөлінген. Прокуратура органдарының бастамасы бойынша әлеуметтік қорғау органдарының есебіне алимент бойынша 180 борышкер алынып, оның 59-ы жұмысқа орналастырылған. Борышкерлердің 50-ге жуығына қатысты сот тәртібінде көлік құралын басқаруға шектеу қойылды, сондай-ақ жүргізуші куәлігін беруге тыйым салынды.

Әлеуметтік-экономикалық салада мемлекет пайдасына 2,8 млрд. (2,6) теңге өндірілген. Мемлекетке жалпы алаңы 281,7 мың га, кадастрлық құны 2,7 млрд. теңге 408 жер телімі қайтарылған. Ауаға рұқсатсыз қалдықтарды лақтыру салдарынан «Орал Ойл энд Газ» ЖШС-ның табиғатқа келтірген 461,6 млн. теңге сомадағы залалының орны толтырылған. Экологиялық заңнаманы бұзғаны үшін «ҚПО б.в» компаниясынан 565 млн. теңге сомада айыппұл, сонымен қатар 2 млрд. теңгеден астам сомада қоршаған ортаға келтірілген залал өндірілді. Қылмыстық процесте мемлекетке келтірілген залалдың жалпы сомасынан (1 745 361,254 теңге) 1,3 млрд. теңге немесе 75% өндірілген. 685 млн. теңгеден астам сомаға жалған мекемелердің контрагенттерінен салықтар алынған. Сот тәртібінде 960 млн. теңге сомада процессуалдық айыппұлдар өндірілген. Қадағалау шаралары бойынша заңсыз жекешелендірілген бес қызметтік пәтер мемлекеттік қорға қайтарылған. Арнайы прокурорлардың көмегімен ғана тергеу сатысында жалпы сомасы 1 млрд. 237 млн. 595 мың теңге залалдың орны толтырылды. Елімізде алғашқы рет қоршаған ортаға 1 млрд. 97 млн. теңге сомада залал келтірген экологиялық қылмыстар туралы 3 қылмыстық істің тергеуі аяқталды.

Өткен жылы сыбайлас жемқорлықпен күрес бойынша жұмыс қарқынды түрде жүргізілген. Сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасағаны үшін тәртіптік жазаға 120 тұлға тартылды, соның ішінде 45 (38%) басшы, 13 қызметкер (10,8%) атқарып отырған лауазымдарынан босатылып, 27 млн. теңгеден астам сомада сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарымен келтірілген залалдың орны толтырылған.

Мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізу кезінде лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны үшін Ақжайық ауданының Алмалы ауылдық округінің әкімі Қуаншалиева, Жаңақала ауданының білім беру бөлімінің басшысы Жәрдемова, бюджеттік қаражатты иемденгені үшін «Қазталов ауданының балалар-жасөспірімдерге арналған туризм және экология орталығы» МКҚК директоры Хайруллина сотталды. Лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны үшін Сырым ауданының білім беру бөлімінің басшысы Құсайынов сотқа берілген.

Өткен жылы облыс прокуратурасына өз құқықтарын қорғауға 8 мыңнан астам адам жүгінген. Көп жағдайларда өтініш берушілер мемлекеттік мекемелердің лауазымдық тұлғаларымен еңбек, жер, тұрғын үй, әкімшілік заңнамаларының бұзылуы, сондай-ақ қылмыстық істерді қозғау, қозғаудан бас тарту, тоқтату заңдылығына қатысты қылмыстық қудалау органдарының әрекеттерінің заңдылығы мәселелері бойынша арызданған. Қылмыстық істі қозғаудан бас тарту немесе іс бойынша өндірісті тоқтату туралы олардың шешімдерін бұзумен қылмыстық қудалау органдарының әрекеттеріне қатысты өтініштер бойынша 47 қылмыстық іс қозғалды. Азаматтардың конституциялық құқықтарын бұзғаны үшін ішкі істер органдарының қызметкерлеріне қатысты 3 қылмыстық іс қозғалған (141-1-баптар бойынша (жәбір көрсету) және 308 ҚР ҚК бойынша (лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану).

2014 жылғы жұмыс нәтижелері бойынша «Ең үздік аудан прокуратурасы» байқауы бойынша Жәнібек ауданының прокуратурасы жеңімпаз болды.


 Нұрлыбек РАХМАНОВ,

«Орал өңірі»

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале