22.05.2015, 20:46
Оқылды: 29

Мүгедек балалар құқығы тапталмасын

bala-m--gedek   22 мамыр күні Орал қалалық прокуратурасында ведомствоаралық жиын өтті. Онда мүмкіндігі шектеулелі балалардың құқықтары мен мүдделерінің қорғалу мәселелеріне байланысты ағымдағы жылдың І тоқсанында жүргізілген прокурорлық тексеру шарасының нәтижелері  сөз болды.

Орал қалалық прокурорының аға көмекшісі Алмагүл Исмагулованың баяндауынша, тексеру барысында біраз заңбұзушылықтар анықталды. Мәселен, білім саласында жеке дара оқытуда, мұғалімдердің мүгедек балаларды үйіне барып оқыту ісінде кемшін тұстар бар, білікті маман мен оқу-әдістемелік құралдары тапшы. Денсаулық сақтау саласында да олқылықтар аз емес. Мүгедек балалар психологтық-дәрігерлік-педагогтік тексерістер мен мүгедектік дәрежесін анықтау бағытындағы дәрігерлік комиссияларға уақытылы жолданбайды. Сауықтыру, оңалту шараларымен қамтылмайды.

Тексеріс нәтижесінде 12 прокурорлық қадағалау актісі енгізілді.

www.zhaikpress.kz

Сәкен ӘБІЛХАЛЫҚОВ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале