21.07.2015, 18:18
Оқылды: 19

Мүлікті жария ету мәселесі бойынша ҚР Қаржы Вице – министрі А.М. Теңгебаевтың брифингі болып өтті

Ministr baspasoz    Бүгін мүлікті жария ету мәселесі бойынша Қазақстан Республикасының Қаржы Вице – министрі А.М. Теңгебаевтың брифингі болып өтті

Жария ету 2014 жылдың қыркүйегінде басталған болатын. Бүгінгі күнге барлығы болып 292,6 млрд. теңге жария етілді, оның ішінде: ҚР аумағындағы мүлік бойынша 30 901 объекті және сомасы 218,9 млрд. теңгеге бағалы қағаздар,  ҚР аумағынан тыс жерлерде орналасқан мүлік бойынша 17 объекті және сомасы 636,5 млн. теңгеге бағалы қағаздар жария етілді; сомасы  73,0 млрд. теңгеге ақша жария етілді.

Қаржы министрлігі, мүлікті жария ету мен кепілдіктерді қамтамасыз ету процесін құқық қорғау органдары тарапынан заңсыз қудалаудан жеңілдету жағына қарай қайта қарау туралы Мемлекет Басшысы берген тапсырмаларды іске асыру үшін тиісті заң жобасын әзірледі.

Ақша бойынша жария етуді, оларды екінші деңгейдегі банктерде міндетті түрде орналастырумен ғана емес, сол сияқты мұндай жағдайда өзінің қалауы бойынша шектеусіз билік ету мүмкіндігімен,  онда міндетті түрде 10% алым сомасын төлей отырып, өткізу ұсынылады.

Жария ету субъектісіне немесе басқа тұлғаға құқығы ресімделген Қазақстан Республикасының аумағындағы, сол сияқты одан тыс жерлерде орналасқан мүлік бойынша декларативтік түрде, тиісті комиссиясыз мемлекеттік кірістер органдарында өткізуді ұсынылады.

Бұдан басқа, жария етудің мерзімін 2016 жылғы 31 желтоқсанға дейін ұзарту көзделеді.

Жария ету субъектілері үшін кепілдік беру бөлігінде құқық қорғау және басқа мемлекеттік органдар қызметкерлерінің заңсыз әрекеттерінен қосымша қорғау бөлігінде қылмыстық заңнаманың нормаларын нақтылау және қатаңдату көзделеді.

Заң жобасын әзірлеушінің пікірі бойынша жоғарыда көрсетілген түзетулерді іске асыру жария ету процесін жеңілдететін бұдан да қолайлы және тартымды жағдай жасауға және соның арқасында процесті жандандыруға ықпал ететін болады.

www.zhaikpress.kz

ҚР ҚМ баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале