14.06.2016, 11:33
Оқылды: 17

Мүлікті заңдастырмақ

????????????????????????????????????

    Теректі аудан әкімдігінің үлкен залында мүлікті жария ету жөнінде жиналыс болды.

  Жиынға облысымыздан келген БҚО бойынша мемлекеттік кірістер департаменті басқарма басшысының уақытша міндетін атқарушы Т.Төлепов,  ҚР «Ұлттық банкі» директорының орынбасары Н.Қалдыбеков және облыс бойынша қаржы басқармасының бөлім басшысы Ж.Нығметуллин қатысты.


  Шарада қаржы мен мүлікті заңдастыру жолдары сөз болды. Қатысушылар түсіндіру тобының мүшелеріне көкейіндегі сұрақтарын қойып, телефон нөмірлерін алды.

    Мүлікті жария ету ағымдағы жылдың 25 қарашасына дейін жалғасады. Осы орайда аудан халқы бұл үрдіске бір кісідей атсалысуды көздеп отыр.

www.zhaikpress.kz
Аягөз БАҚТЫҒАЛИ
Теректі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале