28.06.2016, 19:25
Оқылды: 46

Мүлікті заңдастыру жайындағы жиын

DSC_0025Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыруға бағытталған мүмлікті жария ету акциясына орай Зеленов ауданы әкімдігінде жекешелендіруге арналған жиын болып өтті.


Оған «Ұлттық банк» БҚФ директорының орынбасары Нұржан Қалдыбеков, БҚО қаржы басқармасының бөлім басшысы Жеңіс Ниғматуллин, БҚО бойынша мемлекеттік кіріс басқармасының басшысы Тимур Төлепов, ауылдық округ әкімдіктерінің мамандары, жеке кәсіп иелері мен тұрғындар қатысты.

Жиын барысында келген қонақтар мүлікті жария етудің тиімді жақтары мен қалай жүзеге асыруға болатындығы жайында түсініктеме берсе, шара қатысушылары өздерін мазалаған сұрақтарын қойды. Жекешеліндіру барысында көптеген қиындықтардың кездесіп жатырғандығы да жиын барысында көтерілді. Әсіресе, көп жалдан бері иесіз қалған жылжымайтын мүлікті заңдастыру барысында кездесетін мәселелер мен қажетті құжаттардың жоқтығы кезінде сот арқылы қалай шешуге болатындығы жайында қойылған сұрақтарға мамандар барынша жауап берді.

www.zhaikpress.kz
Түгелбай Бисен
Зеленов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале