1.06.2016, 11:51
Оқылды: 120

Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған мерекелік шара өтті

JAnakala balalar kyni  Бүгін Жаңақала ауданында аудандық жұмыспен қамту және әлеуметті бағдарламалар бөлімінің ұйымдастыруымен мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған «Балалық шақтың бір күні» мерекелік шара өтті.

  1 маусым - халықаралық балаларды қорғау мерекесі қарсаңында ұйымдастырылған шараға балғындарды құттықтау үшін Оған аудан әкімі Л.Хайретдинов, аудан әкімінің орынбасары А.Шүкірғалиева, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы М.Шапиқов, Жаңақала ауылының әкімі Е.Танзенов келді.


  Балалар мен ата-аналарға жылы лебізін арнаған аудан әкімі: -Бүгінгі тамаша мейрамдарыңызбен сіздерді құттықтаймын. Біздің ауданымызда 18 жасқа дейінгі 99, 18 жастан кейінгі 154 мүмкіндігі шектеулі балалар бар. Олардың сауығуы, бос уақыттарын тиімді өткізуі, емін-еркін жүріп-тұруына  жағдай жасалуда. Аналарымызға төзім мен шыдамдылық берсін, ал ұл-қыздарыңыздың сауығып кетуіне тілекшімін. Отбасыларыңызбен аман болыңыздар, -деген аудан басшысы аудан әкімдігі атынан әр балаға Алғыс хат пен 10 мың теңге көлемінде ақшалай сыйлықтабыстады.

    Көңілді шара аясында өздеріне арнап жайылған дастарханнан дәм татып, би билеп, ойын ойнаған балалар бір сәт болса да дерттерін ұмытып, аналардың жүзіне қуаныш үйірілді.

www.zhaikpress.kz

Н.ЕСЕТОВА

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале