4.06.2015, 18:24
Оқылды: 31

Мүмкіндігі шектеулі балалар мамандық алып шықты

 1468630_401866936678063_3284457401175349096_nБүгін қаламыздағы Орал ақпараттық- технологиялар колледжінде «Техникалық және кәсіптік білім берудегі инклюзивті білім беру: мәселелер, ізденіс, шешімдер» тақырыбында халықаралық семинар өтуде. Семинарға облыстағы кәсіптік білім беретін колледждер мен арнайы оқу орындарының және Ресейдің Самара, Тольятти  және Ақтөбе қаласынан мамандар қатысты. Олар инклюзивті білім беруді дамыту және қолдауға мұқтаж халыққа әлеуметтік көмекті жақсарту туралы ой бөлісіп, тәжірибе алмасты.
11412428_401866900011400_6607167798180075819_nОрал ақпараттық-технологиялар колледжі инклюзивті білім беруді, яғни мүмкіндігі шектеулі балаларға дені сау балалармен бірге білім беруді  республикада бірінші болып бастаған оқу орны. 2012 жылы алғашқы қабылданған 6 студент биыл оқу бітіргелі отыр.

- Олар электронды- есептеуші техника операторы, техник- програмист мамандығын алып шықты. Қаламыздағы халыққа қызмет көрсету орталығында тәжірибеден өткен түлектеріміз жақсы бағаға ие болып отыр. Болашақта олардың жартысы сол орталыққа қызметке тұрмақ. Өзіміз білім берген студентеріміздің жұмысқа орналасуы біздің назарымызда болады,- дейді колледж директоры Александр Гладков.

11393323_401867023344721_1999717119753018077_oКолледжде күні бүгін арнайы мектептің 9- шы сыныбын бітіріп келген 2 топ жас білім алуда. Алдағы оқу жылында қимыл-қозғалыс жүйесі және сөйлеу, есту қабілеті бұзылған балалар оқуға қабылданбақ.

www.zhaikpress.kz

Ұлдай Қабошқызы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале