14.08.2015, 16:18
Оқылды: 56

Мүмкіндігі шектеулі жандардың айтулы фестивалі

 

logo_kzАқжайық аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, мәдени демалыс орталығы, мүгедектер қоғамы филиалының ұйымдастыруымен «Бәріміз бірдейміз, кемсітуді білмейміз!» атты мүмкіндігі шектеулі жандар арасында дәстүрлі шығармашылық фестиваль өтті.

Шараға ауылдардан 29 мүмкіндігі шектеулі жан қатысты. Соның ішінде 15-і ән орындаушы, 10-ы қолөнер, төртеуі көркем сөз аталымдары бойынша сынға түсті.

Жаңабұлақ ауылдық округінен Азамат Жәрдемов «Үздік ән орындаушы», Ақжол ауылдық Абат Тастаев «Үздік жасампаз», Ақжол ауылдық округінен Ләззат Өтеспаев «Үздік көркемсөз оқушы» аталымдарын жеңіп алды.

Шараға БҚО мүгедектер ерікті қоғамдық бірлестігінің төрағасы Жұмажан Қожжанов қатысып, құттықтау сөз сөйледі.

Қатысушылардың барлығына дипломдар мен ескерткіш сыйлықтар тапсырылып, зор ілтипат көрсетілді. Сондай-ақ оларға әрдайым тілекші аудан кәсіпкерлері қолдау көрсетті. Мысалы, «Нұр Ғасыр» кәсіпорнының жетекшісі Нұрлан Салыхов, «Нұржан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі директоры Әлжан Досмақов, Чапаев орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінің басшысы Мәлік Мұхтар, «АймақГаз» мекемесінің басшысы Айболат Әнесов, жеке кәсіпкерлер Гүлмира Қадешова мен Әмина Базарбайқызы оларға ақшалай сыйлық тапсырды.

Ауданда бұл санаттағы жандарға барынша қамқорлық көрсетіліп келеді. Тек биылдың өзінде 21 мүгедек жұмысқа орналасты.

www.zhaikpress.kz

Бекем БЕКҰЛЫ

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале