16.10.2015, 12:30
Оқылды: 26

Мүмкіндігі шектеулі жандардың мерейін өсірген күн

инвалиды (3)Жаңақала аудандық спорт кешенінде Мүгедектер күніне орай аудандық мүгедектер қоғамының қолдауымен, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ұйымдастыруымен дойбы, шахмат, қол күресі, кір тасын көтеру бойынша сайыс өтті. Бұл сынға аудан орталығынан және ауылдық округтерден мүмкіндігі шектеулі жандар қатысып, бақтарын сынады.

Аудан әкімі Лавр Хайретдинов мүмкіндігі шектеулі жандарды мерекелерімен құттықтап, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Е.Сапаров мүмкіндігі шектеулі жандарға қажетті құрал-жабдықтарды (15 сағат, 7 плеер, 15 жиналмалы таяқ, 5 сүйемелі таяқ, 1 балаға серуен арбасы, 8 теплимагнитола) табыстады.

инвалиды (2)Қол күресі сайысында Бірлік ауылынан келген Б.Айтқалиұлы, шахматтан жаңақалалық Н.Ахметов, дойбыдан көпжасарлық С.Зейнеловтер жеңімпаз атанды.

Жарыс аяқталған соң, арнайы жайылған дастархан басында мүмкіндігі шектеулі жандар осы шараны ұйымдастырған бөлім басшысы Е.Сапаровқа, аудандық мүгедектер қоғамының төрайымы Х.Нұрсұлтановаға алғыстарын жаудырды.

Ырғақты ән, жалынды жырмен жалғасқан мерекелік дастарханда аталған мекеменің бөлім меңгерушісі Айтболат Жылқыбаев жүлдегерлерді марапаттап, ақшалай сыйлықтар мен алғысхаттар табыс етті. Сондай-ақ 50 мүмкіндігі шектеулі жанға аудандық «Жаңарған өңір» газетінің 6 айға жазылған түбіртегін ұсынып, әлеуметтік қызметкерлер жеткізіп беретінін айтты.

www.zhaikpress.kz

Алтынбек ЕРМЕКҚАЛИЕВ

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале